Ұмытпа - Ninety One

Ұмытпа - Ninety One

Альбом
Айыптама
Год
2015
Язык
`Kazachski`
Длительность
217660

Poniżej tekst piosenki Ұмытпа , wykonawca - Ninety One z tłumaczeniem

Tekst piosenki „ Ұмытпа ”

Oryginalny tekst z tłumaczeniem

Ұмытпа

Ninety One

Сенің жылуыңды сездім,

Алыста жүрсең де,

Ұмытпа мені..

Қиналып жүрмін, айта алмай,

Қалайша жүрсің байқамай?

Ынтызар жүрек менің кеудемде

Жаралы болып қалғандай

Тереземдегі перделер

жылу өткізбейді және әлемге жабық,

Қараңғы, суық бөлмеде

сенің суретің маған береді жарық (а-а-а)

Бұл оқиғаның басы бар, мен аяғын білемін,

Әлім кетті, бірақ, әлі келемін тек сүйреліп қолдағы таяғыммен,

Айға қараймын да, көзімді жұмамын,

денемді босатып өзімнен шығамын,

Төзуге шыдам жетпейді мүлдем,

Елес боп жаныңа барамын жылдам,

Қасыңа кеп, сезімді айтқым келеді, бірақ шықпайды үнім,

Жылуды сез, оятқым келмейді, тәтті өтсін деп қайырлы түнің..

Ай-ай айлы түнде-е-е

Ай-ай айлы түнде-е-е

Сенің жылуыңды сездім,

Алыста жүрсең де,

Ұмытпа мені

Сенің жылуыңды сездім,

Алыста жүрсең де,

Ұмытпа ұмытпа мені

Жалғыз қалғандай өзіммен,

Шаршадым әбден төзуден,

Шамдарға толы аспанда

Жұлдызым менің сөнгендей

Иә, уақыт өтпелі зат білемін,

Жиналады арадағы өкпе, ыза,

Мен келемін бәрін елемей,

тек дереу саған жолды тауып,

Алдағы тауларды төңкеріп сап, қара!

Әттең, суыдың, жоқ сезім мүлде сенде,

енді түнекке лақтыр тек!

Мен - ақ күтемін сенің жылуыңды,

білемін енді бола алмайды дым бұрынғыдай,

Иә, бірақта мен..

Сенің жылуыңды сездім,

Алыста жүрсең де,

Ұмытпа мені

Сенің жылуыңды сездім,

Алыста жүрсең де,

Ұмытпа ұмытпа мені

Ponad 2 miliony tekstów piosenek

Piosenki w różnych językach

Tłumaczenia

Wysokiej jakości tłumaczenia na wszystkie języki

Szybkie wyszukiwanie

Znajdź potrzebne teksty w kilka sekund